«Қазақ тұлпарының» екінші өмірі басталды. 144 жыл бойы жөндеу көрмеген иппадромның жарты бөлігі биыл күрделі жөндеуден өтті. Атшабарды қайта жаңартуға оңтүстік аймақтағы компаниялардың бірі мұрындық болды. Қоралар жөнделіп, жаңа кейіпке енді. Бастысы Қостанай тұқымын көбейтуге жағдай жасалмақ.