АЭС – энергияның таза және тұрақты көзі. Бүгінгі таңда Қазақстан электр энергиясының көп бөлігін көмірден алады. Бұл ауаға зиянды заттардың көптеп шығарылуына себеп. Ал АЭС парниктік газдарды шығармай, экологиялық таза энергия өндіреді. Әлемнің дамыған елдері, Франция, Жапония және Оңтүстік Корея, өздерінің энергетикалық қажеттіліктерінің көп бөлігін атом энергиясынан алады. Сондықтан Қазақстан үшін АЭС – балама энергия көзін дамыту жолындағы маңызды қадам. Бұндай пікірді Қостанай облыстық «Қоғамдық келісім» үйінің бас сарапшысы Айбек Таңатбаев білдірді.