Қостанайда заманауи әдістерді қолдана отырып, хирургия, гинекология, проктология ауруларын емдеуге бағытталған орталық іске қосылды.
Қабылдауды санаты бар жоғары білікті мамандар жүргізеді. Клиникалық база 40 төсекке есептелген. Мұнда әлемдегі жетекші елдердің осы секілді мекемелерінің ең заманауи стандарттарға сай келетін қолданыстағы терапия әдістері жетілдіріліп, жаңа емдеу технологиялары енгізілген. Емдеуге жатқызу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша міндетті медициналық сақтандыру қоры бөлген қаражат көлемі шеңберінде жүзеге асырылады. Орталықта емдеу ақылы негізде де ұсынылады.
Орталық ең озық технологиялық жабдықпен, емделушілерге арналған жайлы палаталармен жабдықталған. Осылайша жаңа емдеу мекемесі аймақтық медицинаның дамуына үлес қосып, сапалы қызмет ұсынбақ.