Жыл соңына дейін жалғасатын экологиялық акция еліміздің әр өңірінде жүзеге асып келеді. Ортақ науқаннан облыс тұрғындары да қалыс қалып жатқан жоқ. Табиғатты таза ұстау, айналаға асқан ұқыптылықпен қарауды меңдіқаралық тұрғындар да қаперге алған. Осы ретте аудан орталығын абаттандыру, күл-қоқыстан арылту мақсатында ұйымдастырылған игі қам-қарекетке тілшіміз куә болып қайтты.