Инсультті ерте кезеңде анықтауға көмек беретін жүйе облысымызда іске қосылды. Жасанды интеллект компьютерлік томография суретін смартфоннан көрсетеді. Бағдарламада әр науқас туралы деректер тіркелген. Бұл невропатолог дәрігерлердің диагноз қоюына үлкен көмегін тигізуде.