Көктемгі су тасқыны Қарасу ауданының тұрғындарына әлі де залал келтіруде. Облыс орталығы мен жақын маңдағы ауылдарды байланыстыратын тас жол жүруге жарамсыз. 206 мың гектар аумақты су басқан. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жаңа су бұру арнасы қазылып, инженерлік-техникалық жұмыстар жүргізілуде.