Тұрақты даму және көміртексіз «жасыл» экономикаға көшу энергия тапшылығын жояды. Бізде таңдау аз – бізде гидравликалық ресурстар аз, көмір, газ және мұнай сияқты дәстүрлі негізгі энергия көздері көміртексіз емес. Ал, атом энергетикасы ядролық отын циклі кәсіпорындары тізбегінің табиғи дамуы болып табылады.
Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. Қазақстанның да экономикасы күн өткен сайын мол энергияны қажет етеді. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Жылу электр станцияларында энергия көмір немесе газ есебінен өндіріледі. Мұндай энергия өндірісінің шикізат бағасы күн сайын өсіп келеді. Ал, атом электр станциясы отын ретінде өте аз мөлшерде уранды пайдаланып, өте көп мөлшерде энергия өндіреді. Бұндай пікірді облыстық мәслихат депутаты Қырмызы Жаңбыршина білдірді.