Қазақстанда «Отбасы күні» мерекесі ерекше форматта тойланып жатыр. Жақында мәдениет және ақпарат вице-министрі аталмыш мейрамды атап өтудің тұжырымдамасын ұсынған еді. Осылайша, «Отбасы күні» апталығы бекітіліп, 7 күн бойы түрлі іс-шара ұйымдастырылып келеді. Игі бастамаға облыстық перзентхана қызметкерлері де өз үлестерін қосуда.