Агроөнеркәсіпті өркендету мақсатында облыс аудандарында келелі іс-жобалар қолға алынуда. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан үлкен қолдау арқылы жаңа кәсіпорындар ашуға мүмкіндік алып отыр. Сондай іскер азаматтың бірі Алтынсарин ауданында тұрады. Оның ойға алған жоспары сүт-тауарлы ферма ашу. Нысанның құрылысы биыл тамызда басталды. Келер жылы іске қосылады деп күтілуде.