Негізгі Жаңалықтар Қостанайлық өрт сөндірушілер жанып жатқан трансформаторды сөндірді

Қостанайлық өрт сөндірушілер жанып жатқан трансформаторды сөндірді

Бүгін түнде Алтынсарин ауданының Большая Чураковка ауылында кәсіпорындардың бірінің трансформаторы жанып, өрт жақын тұрған электр цехының шатырына көшкен.

Ауа-механикалық көбікті қолданған өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт одан әрі жайылмай толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу