Отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Ынтымағы мен татулығы жарасқан 11 отбасының ішінен үздігі анықталды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз жанұя республикалық сайыста өңір намысын қорғайтын болады.