Тәуелсіз еліміздің қолданыстағы Ата Заңының қабылданғанына биыл 27 жыл. ҚР Конституциясы 1995-ші жылы 30-шы тамызда жалпыхалықтық референдум өткізу жолымен қабылданды. Содан бері күнтізбеге мереке болып енгізіліп, ел көлемінде ерекше тойланып келеді. Қостанайда Конституция күні жоғары деңгейде мерекеленді. Жастар сарайында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Жергілікті өнерпаздар ән мен биден шашу шашып, мейрам көрігін отандық эстрада жұлдыздары қыздырды.