Жанкелдин ауданына қарасты Көлқамыс ауылында қоныс тойы! Көктемгі алапат су тасқыны кезінде баспанасынан айырылған жергілікті тұрғындар үшін арнайы салынған 19 үй пайдалануға берілді. Жаңа шаңыраққа қоныстанған жұртшылықтың қуанышында шек жоқ деуге толық негіз бар. Себебі, су жаңа баспаналардың сәулеті де келісті, іші кірсе шыққысыз!