Қамыстының қарыштап дамуына мол мүмкіндік бар. Соны тиімді пайдалану керек. Бұл туралы ауданға жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы Құмар Ақсақалов айтты. Биыл аудан бюджеті 5,9 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 29,6%-ға өскені байқалады. Бұған, тау-кен кәсіпорны әлеуетінің артуы ықпал етсе керек. Өңір басшысы бірқатар нысандарды аралап, тұрғындармен кездесті.