Су ресурстарын пайдаланудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, ел бойынша 20 жаңа су қоймасы салынады. Бүгінгі таңда Қостанай облысы бойыынша республикалық меншікке тиесілі 6 су қоймасы бар. Олар Тобыл және Аят өзендері бойынша ағындарды реттеуге мүмкіндік береді. Сол сияқты, қолданыстағы 15 су қоймасы қайта жаңғыртылмақ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етілді.