Дәстүрлі ауқымы кең спорттық жарыстардың бірі – облыстық жазғы спартакиаданы жоғары деңгейде өткізу аймақ басшысының жіті бақылауында. Осыған байланысты дүбірлі додаға деген әзірлік кезекті рет пысықталды. Жыл сайын өткізіліп келе жатқан спартакиада бағдарламасына биыл спорттық ойындардың 19 түрі енгізілген.