Қостанай облысында агроөнеркәсіптік кешеннің ауқымды көрмесі өтті. Іс-шараға аймақ басшысы Құмар Ақсақалов қатысты. Көрмеде ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциялық жетістіктері, техникалық жабдықтар көрсетілді. Басты мақсат - алдағы 4 жылда агроөнім өндірісінің көлемін екі есеге арттыру.