Соңғы уақытта Лисаков қаласында әлеуметтік және экономикалық салаларда айтарлықтай жетістіктер байқалады. Моноқалада жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандары тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған. Осы орайда облыс басшысы Құмар Ақсақалов қалаға жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен кездесті. Шағын шаһардың даму көрсеткішін бақылады.