«Қарасора-2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында синтетикалық есірткінің көп мөлшері тәркіленді. Полицейлер тінту орнында улы заттың бір жарым мыңнан астам дозасын тапқан. Оның құны қара нарықта шамамен 12 миллион теңгені құрайды.
Рудный қаласында 35 жастағы тұрғын «синтетикалық» есірткінің 1,5 мыңнан астам дозасын сақтаған. Жеке тінту кезінде пәтерде ұнтақ тәрізді заты бар Зип-пакет анықталған. Алынған заттар салмағы 600 грамм синтетикалық препарат болып шықты. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Анықталған заттар тәркіленіп, күдікті қамауға алынды.Жалпы, Қостанай облысы бойынша полицейлердің нақты құрылған жұмысының нәтижесінде жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына байланысты 186-ға жуық қылмыс анықталды.