Облыс әкімі жұмыс сапарымен Денисов ауданына барды. Осы орайда өлкедегі ілгерілеп жатқан ілкімді істермен танысты. Бүгінде аудан әлеуеті күннен-күнге артып келеді. Елді мекенде орналасқан бірқатар ауылды сапалы ауыз сумен қамту мәселесі толық шешілмек. Жарықтандыру, абаттандыру, жол жөндеу, интернетпен қамту жұмыстары да жоспарға сай орындалу үстінде.