Елімізде білім беру саласының дамуына мемлекет тарапынан көптеген қолайлы жағдайлар жасалуда. Бұл өз кезегінде білімнің салтанат құрып, кеңге қанат жаюына жол ашпақ. Облыс әкімінің қатысуымен өткен аппараттық кеңесте осы бағыттағы өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен өңірде ауыл шаруашылығы өндірушілері мен бизнес субъектілерін сапалы кадрлармен қамтамасыз ету бойынша бірқатар шаралар қабылдануда.