Әулиекөл ауданы Аманқарағай кентінде «Тобыл-Торғай тарландары» атты алғашқы ашық турнир өтті. Қазақша күрес түрінде ерекшеленген спорттық шара Астана күніне орай ұйымдастырылды. Ауқымды аламанда өңірдің түкпір-түкпірінен келген жүзден астам спортшы бақ сынасты.