Ұзынкөлдіктер Астана күнін бар сән-салтанатымен думандатты. Киіз үйлер тігіп, ұлттық қолөнерді ұлықтады. Облыс өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып, өзге ұлт өкілдері достығымызды дәріптеді. Шетелден арнайы келген меймандар бірлігі жарасқан елдің берекелі екенін ерекше атап өтті.