Ауылдық жерлерді жан-жақты дамыту – басты міндет. Облыс көлемінде атқарылып жатқан шаралар елді-мекендердегі халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы тиіс. Бейімбет Майлин ауданына жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы осылай деді. Құмар Ақсақалов бірнеше әлеуметтік нысандарды аралап, ауыз су, жол жөндеу жұмыстарымен танысты. Халықпен кездесу өткізді.