Қазақтың төл аспабын насихаттап, ұлттық өнерді паш етті. Ұлттық домбыра күніне арналған «Күй шеруі» челленджін сарыкөлдіктер сән-салтанатымен атап өтті. Бұл күні аудан орталығы ән құшағына бөленіп, күй күмбірледі. Мәдениет үйінің әртістері мен шығармашылық үйірмелердің жас өнерпаздары ашық аспан астында танымал туындыларды орындап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.