Қостанай облысында тасқын кезінде өлген үш жарым мыңнан аса малға өтемақы төленді. Оның басым бөлігі оңтүстік аудандарда. Мұның бәрі есепте тұрған, өлексесі табылған түліктер. Тіркеуге алынбаған, өлексесі табылмағандарына байланысты өтінімдер әлі қаралып жатыр.