Мұсылман қауымы асыға күтетін ұлық мереке – Құрбан айт биыл маусымның он алтысы күні басталады. Үш күнге ұласатын діни думанда әртүрлі құлшылық амалдарының орындалатыны белгілі. Осы ретте облыс аумағында айт намазын оқу және құрбандық шалу рәсімдеріне қатысты ережелерді имамдар мәлімдеді.