Орман алқаптарындағы өрт қауіпсіздігі
Биыл тілсіз жаудың қауіпті кезеңі басталғалы облыста екі орман өрті тіркелді. Қызыл жалын шарпыған аумақ 30 гектардан асып кеткен. Сондықтан табиғатты қорғау мекемелері өрттің алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізіп жатыр. Мобильді топтар құрылып, рейдтер өткізілуде. Сондай-ақ, орман шаруашылығы ұйымдарының да дайындығы тексерілуде.