"Таза бейсенбі" акциясы басталды
Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы әр апта сайын ұйымдастырылатын «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын бастады. Осы акцияны қолдау мақсатында Облыстық Тілдерді дамыту орталығының қызметкерлері аудандағы әріптестеріне челлендж жолдады.