Соталған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында Қостанайда бос орындар жәрмеңкесі өтті. Қазіргі таңда 488 азамат үй қамақта. Оларды еңбекке араластыру мәселесі - қалалық прокуратура мен мансап орталығының міндеті. Өткен жәрмеңкеде 16 азамат екі қолға бір күрек тапты. Бұл жолы қаншасы мүмкіндігін пайдалана білді?