«Ауыл – ел бесігі» денсаулық сақтау саласында да оң нәтижесін беріп келеді. Биыл жоба аясында  облыстың елді мекендерінде 19 медициналық нысан бой көтереді. Оның сегізі фельдшерлік-акушерлік пункт. Бұдан бөлек, Қостанай ауданында 250 орындық  емхана салынып жатыр. Жалпы құны 3,6 млрд теңге. Жоспарға бойынша құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.