Өңір ұстаздары мен мектеп директорлары А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-де ұйымдастырылған «Сапалы білім беру барлығына қолжетімді» атты педагогикалық форумда бас қосты. Іс-шараның басты мақсаты – мектеп оқушыларының, колледж бен университет студенттерінің дамуына мүмкіндік жасау. Ұрпақ тәрбиелеп, сапалы білім беруге елеулі үлес қосып жүрген ағарту саласы мамандарының мәжілісі жайында тілшіміз тарқатады.