Толстой атындағы облыстық кітапханада саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Қаралы жылдар қасіреті» атты ғылыми іс-шара өтті. Тарихшылар репрессия жылдары жалған жала жабылып, жазықсыз жапа шеккендерді ақтау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Мемлекеттік деңгейде қолға алынған бастамаға өңір ғалымдарының қосар үлесі қандай?