Қостанай ауданындағы «Арғымақ» атшабарында ұлттық ат спорты жарыстары бойынша биылғы маусымның ашылу салтанаты өтті. Қазақтың қазанаты – Қостанай жылқысының беделін көрсетіп, тұқымын көбейту жарыстың басты мақсаттарының бірі болды. Дүбірлі додада өңіріміздің аудан-қалаларынан бөлек, Ресей Федерациясынан, Ақмола, Қарағанды облыстары мен Астана  қаласынан келген сәйгүліктер бәйгеге түсті.