Халқымыздың біртуар перзенті, қайраткер, тарихи тұлға - Ахмет Байтұрсынұлы туралы жаңа фильм жарыққа шықты. «Соңғы үкім» деп аталатын толықметражды драма ұлт ұстазының күреске толы күндері мен теперішке толы тағдырының мәлім де беймәлім қырын ашады. Жерлесіміз жайлы туынды үлкен экранда жергілікті көрермен назарына ұсынылды.