Өңір өртсөндірушілері орманды дала аумақтарына бақылауды күшейтті. Себебі жазда өрттің жиі болатын қауіпті кезеңі басталады. Осыған байланысты жауапты ведомства өкілдері тілсіз жауға қарсы кешенді жоспар құрып, 23 бірлік техника және 130-дан астам маманды орман-тоғайларды күзетуге жұмылдырып отыр.