“Менің бастамам - менің Отаныма ”. Осындай атаумен №17 жалпы білім беретін мектепте республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңі өтті. Басты мақсат - дарынды жас өрендерді анықтау, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер арасында балалардың бастамаларын дамытуға ықпал ету. Республикалық кезеңге өту үшін алпысқа жуық оқушы өзара бақ сынасты.