Су тасқынынан зардап шеккен оңтүстік өңірлердің бірнеше мектебі Starlink желісіне қосылды. Осылайша аймақтағы  ауыл мектептері жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етіліп отыр. Жыл соңына дейін Қостанай облысында 180 білім ошағы жаңа технологиямен жабдықталады деп жоспарланған.  Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Арқалық қаласында Starlink желісіне  қосылған мектепке арнайы барды.