Қостанайлық полицейлер түнгі уақытта облыс орталығында мотоцикл жүргізушісін ұстады. Тәртіп сақшыларының тоқтатқанына қарамастан, жоғары жылдамдықпен жүйткіген азаматты қолға түсіру үшін бірнеше патрульдік нарядты жұмылдыруға тура келген. Облыстық полиция департаменті жыл басынан бері 35 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін анықтады. Ал, мас күйде көлік жүргізген 308 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.