Биыл Қостанай облысында 5,1 млн гектарға дән сіңірілмек. Өңірде көктемгі дала жұмыстарына дайындық басталды. Үкімет науқанды қаржылық және техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін барлық тиісті шараларды қабылдады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары мәлім етті.