Облыста су тасқыны қаупі әлі де сейілмеді. Аймақтың оңтүстік өңірлеріндегі өзендерде су деңгейі біресе төмендеп, біресе көтеріліп жатыр. Тілсіз жаумен күресте құтқарушылармен бірге еріктілер де қол қусырып отырған жоқ. Айта кетейік, апат басталғалы бері елді-мекендер мен аудан орталықтарынан 1300-ге жуық адамға көмек көрсетілген.