Жастар өңірлік кадрлық резервке іріктеледі
Елімізде бұған дейін республикалық кадр резерві құрылса, енді өңірлік топ жасақталады. Оған қабылданған мамандарға мемлекеттік басқару академиясын аяқтаған соң, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына жұмысқа орналасуына мүмкіндік бар. Басты мақсат – талантты жастар арасынан жаңашыл көшбасшылар, жас басқарушылардың тобын қалыптастыру.