Торғай өңіріндегі табиғаттың тосын мінез танытуын алдын ала болжау мүмкін емес, әрине. Осындай қиын-қыстау кезеңде халық мемлекеттің қамқорлығын сезініп жатыр. Тасқыннан зардап шеккен тұрғындар осылай деп ризашылықтарын білдіруде. Бүгін, үшінші күн, билік те бұқарамен бірге. Өңір басшысы жағдайды өзі бақылауға алғанын бұған дейін де айтқанбыз. Құмар Ақсақаловтың тапсырмасымен, қазір шығынды өтеу, жарықсыз қалған ауылдарда электр желілерін қалпына келтіріп, байланыс үзілген елді мекендерді интернетпен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр.