«Денсаулық шаңғысы». Қостанайда осындай атаумен дәстүрлі қысқы фестиваль өтеді. Оған 250-300-ге жуық адам қатысады деп жоспарланып отыр. Бұл жөнінде дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы мәлімдеді. Сондай-ақ, спортшылар 1-3 тамыз аралығында Қарабалық ауданында ұйымдастырылатын «Тың-Целина» облыстық спартакиадасында да бақ сынайды. Алдымен олар оқу-жаттығу жиындарынан өтеді.