Қостанайда «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабының таныстырылымы өтті. Бұл мемлекет қайраткері, этнограф Өзбекәлі Жәнібековтың өміріне арналған еңбек. Туындыда еш жерде жарияланбаған деректер мен естеліктер топтастырылған. «Тарих пен таным тамыршысы» деп аталатын тағылымы мол шараға кітаптың авторы, қоғам қайраткерлері, кітапханашылар мен студенттер қатысты.