Жатақханалардағы қауіпсіздік. Жастардың жағдайы. Қостанайдағы жоғары және орта оқу орындарында білім алушылардың тұрмыс-тіршілігімен танысу мақсатында мониторинг шаралары жалғасып жатыр. Оған бастамашы болған «Жастар рухы» бірлестігінің өкілдері, елімізде білім сапасының деңгейін жақсартумен қатар, инфрақұрылымды жаңарту да күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті.