Көктемде балықтардың жаппай қырылу қаупі бар. Сондықтан сала мамандары мұз бетінде ойық ойып, өзен-көлдерді оттегімен қамтамасыз ету шараларын қолға алуда. Алайда, атқарылып жатқан жұмыстарға сенімсіздікпен қарайтындар да жоқ емес. Су айдындарын жалға алатын жеке кәсіпкерлер балықтарды аман сақтап қалу үшін басқа да амалдар ұсынған.