Қазақстанда  балаларды бірінші сыныпқа қабылдау мерзімі өзгерді. Енді құжатты  1-ші сәуірден 31-ші тамызға дейін тапсыруға болады. Бұл ата-аналар мен әлеуметтің өтініштеріне байланысты қабылданған шешім. Бұдан бөлек, білім саласына қатысты тағы бірқатар өзгерістер енгізілді.