Қостанайлық педагогтер Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында «Білім берудегі 100 көшбасшы» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтіп жатыр. Ол мектеп басшыларының кадрлық резервін дайындау мақсатында ұйымдастырылған. Айта кетейік, осыдан бірнеше ай бұрын отандық білім берудің болашақ топ-менеджерлері табысқа жету жолында жаңа қадам жасаған болатын. Олардың барлығы көшбасшылыққа арналған үш деңгейлі бағдарлама бойынша білім алды.