Жаңа мәдениет үйі іске қосылады
Сыйға сый. Кезінде мемлекеттің қолдауының арқасында кәсіптерін дөңгелентіп алған ауыл азаматтары енді туған жерді түлетуге үлестерін қосып жатыр. Сарыкөл ауданының тауар өндірушілері Тимирязев елді мекеніндегі әбден азып-тозған мәдениет үйін қалпына келтіру үшін 33 млн теңге қаражат бөлген. Кәсіпкерлер басқа да әлеуметтік саланы дамытуға белсене атсалысуда.